"Әзірет Сұлтан" музейі Астанада мерекелік шара өткізді

Dalanews 03 шіл. 2017 14:45 245

3 шілде күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Астана күні қарсаңында «Алаштың бақ ордасы – Астана» тақырыбында мерекелік шара өтті. Атаулы шараға қаламыздың жасөспірімдері, бала-бақша мен мектеп оқушылары және музей қызметкерлері қатысты.

Шараның негізгі максаты Елордамыз Астана туралы болашақ ұрпақтың танымын қалыптастыру, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру.
Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру. Атаулы шарада Түркістан қаласыныңбүлдіршіндерімен мектеп оқушылары Астана күніне орай өз өнерлерін ортаға салып,ән айтып, би билеп, өлең оқып өнерлерін көрсетті.

Шара соңында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейініңғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ғ.Искаков мерекелік шараға белсене қатысқан қонақтарды Астана күнімен құттықтап, еліміздің болашағы жас ұрпақ өнеріне сәттілік тілеп, қорық-музей атынан алғыс хаттармен марапаттады.

Д.ҚОЖАМҰРАТОВ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар