Әзірбайжан сыртқы істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, армян тарабы берілген карталар Таулы Қарабақтың Агдам ауданындағы 100 мыңға жуық мина қойылған аймақты көрсетеді.
Былтыр күзде алты аптаға созылған соғыс кезінде Әзірбайжан армиясы қолға түсірген Армения әскері мен азаматтарының саны белгісіз болған.
Наурыз айында Адам құқықтары бойынша Еуропа соты Әзербайжанда Арменияның 249 азаматы тұтқында екенін хабарлаған.
Осыған дейін ресми Ереван Арменияға 69 әскери тұтқынның қайтарылғанын мәлімдеген.