Ішкі істер министрлігі Құрылтай депутаты Азат Перуашевке қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс 28 қыркүйекте тіркелген. Бұл туралы ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, қазір киберқылмысқа қарсы күрес бөлімшелері жалған мәлімет жарияланған интернет-ресурстардың иелерін анықтап жатыр. Мамандар сайттардың техникалық және байланыс деректерін зерттеуге кіріскен. Сондай-ақ іс аясында сот-технологиялық және сот-техникалық сараптамалар тағайындалды.
"Ресурс иелеріне қатысты бірқатар мәлімет анықталды. Алайда тергеу әлі жалғасып жатқандықтан, ақпараттық шабуылдың артында кім тұрғанын әзірге жариялай алмаймыз", – деді Санжар Әділов.
Қылмыстық істің тергелу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған.