Құрдастарының мазақ қылуынан кейін өзіне-өзі қол жұмсамақ болған 9 жасар оқушының оқиғадасынан кейін сол мектептің директоры оның ата-анасына 200 мың теңге пара ұсынған.
«Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Мұнда мәселенің анық-қанығына жету керек. Егер сіз айтып отырған нәрсе расталса, бұл – қылмыстық іс. Сондықтан бейтарап тергеу қажет, нәтижесінде осы төтенше жағдайға кінәлі барлық адамдарға қатысты қатаң шаралар қабылдануы тиіс», – деді Аймағамбетов мәжіліс кулуарында.
Ол сондай-ақ буллинг және балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бірқатар кешенді шараларды қажет ететінін атап, мектептерде психологтар штатын кеңейту жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Депутаттың айтуынша, қазір әр маманға 1-1,5 мың оқушыдан келеді.
«Кейбіреулер балалар психологтарға бармайды дейді, бірақ қазіргі балалар басқаша. Балаларда әлеуметтену және ақпаратты тұтыну проблемалары бар. Сондықтан біз психологтар штатын ұлғайту міндетін қойып отырмыз», – деді депутат.