Әйгерім Ағылтаева Қорғаныс министрлігінде жауапты қызметке тағайындалды

Сағыныш Сардарова 08 қаң. 2026 17:57

Әйгерім Ағылтаева қорғаныс министрінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі – ресми өкіл болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әйгерім Ағылтаева журналистика саласындағы кәсіби білімін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде және КИМЭП университетінде (магистратура) алған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, саясаттану ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленген. "Болашақ" халықаралық стипендиясы аясында Нью-Йорк киноакадемиясында "Продюсерлік" мамандығы бойынша білім алып, АҚШ-тағы Джорджия университетінде мультимедиалық журналистика бағытында тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын "КТК" телеарнасында тілші болып бастаған. Әр жылдары "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясында тележүргізуші және редактор, продюсер, "31 арнада" бағдарламалық менеджер, "Алматы" телеарнасының бас редакторы - департамент директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің модераторы, "Жетісу" телеарнасы бас директорының орынбасары, сондай-ақ, Жетісу облысы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы – баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар