Алматы облысындағы Ұйғыр аудандық орталық аурухананың бухгалтері Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың 90 миллион теңге көлеміндегі қаржысын заңсыз иемденгені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алматы облысының прокуратурасы мәліметінше, бұл қаражатты кәсіпкерлер аурухананың банк шотына шарттардың орындалуына кепілдік ретінде аударған.
"Ал Д. аудандық аурухананың есепшісі бола отырып, бұл қаражатты өз шотына аударып алған. Талдау барысында Алматы облысының прокуратурасы тағы 50 миллион теңгеге заңбұзушылықтарды анықтады, олар 25 кәсіпкерге қайтарылуы қажет", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Прокуратураның қадағалау актісімен қаражаттың бір бөлігі ғана кәсіпкерлерге қайтарылды.