Бүгін қалалық мәслихаттың VIІ шақырылымдағы кезектен тыс VI сессиясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген «Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау ережелері» қабылданды.
Жаңа ережелер бойынша жаяу жүргіншілер жолының бойында көпқабатты үйлер салуға, эвакуациялық шығуға кедергі кедергі келтіретін нысандар салуға тыйым салынады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру және жалпы білім беру ұйымдарын кіріктірілген нысандар мен 12 қабаттан жоғары көпқабатты үйлерде, сондай-ақ жер астына және қосалқы салынған автотұрақтардың үстіннен құрылыс жүргізуге жол берілмейді.
А. Ахмеджанов Алматы қаласының аумағында, қала құрылысын арнайы реттеу аймақтарынан тыс жерлерде тұрғын және тұрғын емес ғимараттарды жобалау және салу кезінде олар негізгі көшелердің қызыл сызықтарынан кемінде 6 метр қашықтықта, ал жергілікті жолдардың кемінде 3 метр алшақ орналасуы тиіс екені туралы айтты.
Осы талаптардың орындалуы құрылысты жобалау кезеңінде бақыланады.
Жаңа ережелерге сәйкес, әзірлеушілер архитектуралық имиджге ғана емес, сонымен қатар автотұрақтарды, бірыңғай стильдегі шағын архитектуралық пішіндерді, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз өту аймақтарын, орындықтарды, урналарды, гүл алаңдары, балалардың ойын алаңдарын жасаулары тиіс. Бұдан өзге, жайлы жағдайлар жасау үшін аулаларды жарықтандыру, демалыс аймақтары мен коммуналдық алаңдарды құру жөніндегі талаптар міндеттеледі.