Әуезов театрының директоры пара алып жатқан жерінен ұсталды

Dalanews 05 қаң. 2018 07:35 994

Алматыдағы М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләлдің пара алмақ болғанын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады. 

Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры жаңа жыл қарсаңында театрда балаларға арналған мерекелік шараларды өткізу үшін заңды тұлғадан 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болғаны анықталды.

Театр директорының кінәсін толық мойындауына байланысты ұсталған жоқ.



Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, бүгін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Ерлан Біләлдің парамен ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын.

 

Олар WhatsАpp желісінде тараған фотоға сүйенген. Желі қолданушыларының кейбірі оны түсірілім алаңында жасалған сурет деп болжам жасаған еді.

 

Дереккөзsputniknews.kz


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар