Әуезов ауданы басшылығы журналистерді төл мерекесімен құттықтады

Жарбол Кентұлы 27 мау. 2025 12:31

Алматының Әуезов ауданы әкімі аппараты Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әкімдік өкілдері тілшілерді, операторлар мен редакторларды бильярд клубына шақырып, уақытты көңілді өткізуге мүмкіндік жасады. Аталған салада еңбек етіп жүргендерге аудан әкімі атынан Алғыс хат табысталды. 

– Біз жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан журналистер қауымын кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, осы бір игі іс-шараны қолға алдық. Бүгін оларды арнайы шақырып, салтанатты марапат ұйымдастырдық. Бұл – еңбектің еленуі, алғысымыздың белгісі. БАҚ өкілдері халық пен билік арасындағы алтын көпір қызметін атқарып жүр, – деді Әуезов ауданы әкімі аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әйгерім Исалиева.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар