Ауа райы күрт суыды: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады

Көркем Алдабергенова 01 қаз. 2025 10:50

Қазавтожол республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

1 қазанда Абай, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде.  

"Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - дейді Қазавтожол өкілдері.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар