Freedom Inside '26

Атыраудағы қанды қылмысқа қатысты жаңа мәлімет жария болды

Атыраудағы қанды қылмысқа қатысты жаңа мәлімет жария болды
Dalanews.kz коллажы

Атырау облысында Қарабалиндер әулетінің қазасына қатысты резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Іс аясында Сұлтан Сәрсемәлиевке ауыр айыптар тағылып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сот отырысында Атырау облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Темірхан Қажымұратов қылмыстың қалай ашылғанын баяндады.

Оның айтуынша, тергеу барысында 40-тан астам адамнан жауап алынған. Олардың қатарында марқұмдардың жақындары, көршілері және іске қатысты мәлімет беруі мүмкін басқа да азаматтар болған.

Тергеудің бастапқы кезеңінде ерлі-зайыпты із-түзсіз жоғалғандар ретінде тіркелген. Осыдан кейін полиция олардың банк есепшоттарын тексеріп, қаржы қозғалысын саралаған.

Тергеушінің сөзінше, тексеру барысында күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің есепшотына бірнеше рет ақша аударылғаны анықталған. Бұл дерек істі ашудағы маңызды жайттардың бірі болған.

Кейін полицейлер ерлі-зайыптыны ауылға жеткізген такси жүргізушісін де анықтаған. Оның айтуынша, өткен жылдың қараша айында ол ерлі-зайыптыны және балаларын ауылға апарған. Ал кері қайтар жолда көлікте Мейрамгүл Мұқанғалиева болған.

Қазір сотта қылмыстық істің барлық мән-жайы жан-жақты қаралып жатыр. Тергеу тарабы бұл істі аса ауыр қылмыс ретінде бағалап отыр. Айыпталушының кінәсі мен оған қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.