Атыраудағы атышулы іс: Сәрсемалиев алқабилер сотынан бас тартты

Атыраудағы атышулы іс: Сәрсемалиев алқабилер сотынан бас тартты
видеодан скриншот

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сот отырысы барысында судья сотталушыдан істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы пікірін сұрады. Сәрсемалиев өз кезегінде қылмыстық істі алқабилер сотына берудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған дейін сотта Сәрсемалиевтің қайын жұртын не себепті өлтіргені туралы алғашқы деректер айтылған еді.