Instagram әлеуметтік желісінде Атырау облысында қаза тапқан төрт адамға қатысты жасанды интеллект көмегімен жасалған видео жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бейнежазбада марқұмдардың бейнесі сөйлеп тұрғандай етіп көрсетілген. Олар өз өкпе-ренішін айтып жатқандай әсер қалдырады. Алайда видеода айтылған сөздер олардың шынайы дауысы да, тірі кезінде айтқан нақты пікірі де емес.
Бұл – жасанды интеллект технологиясы арқылы дайындалған көркемделген контент. Видеоны Instagram желісіндегі avatar_elite парақшасы жариялаған.