Freedom Inside '26

Атырауда мектеп-лицейден өрт шықты

Атырауда мектеп-лицейден өрт шықты
видео кадры

Атырауда Жолдасқали Досмұхамбетов атындағы мамандандырылған мектеп-лицейде өрт шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өрт екі қабатты ғимараттың шатырына жайылған. Алғаш болып оқиға туралы әлеуметтік желіде куәгерлер хабарлаған. Кейін бұл ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі растады.

Министрліктің мәліметінше, өрт М. Әуезов даңғылындағы екі қабатты ғимараттың шатырынан шыққан.

– М. Әуезов даңғылы бойында орналасқан екі қабатты ғимараттың шатыры өртенді. Өрттің жалпы аумағы 280 шаршы метрді құрады, – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер жеткенге дейін мектеп қызметкерлері ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген. Оқиға орнына ТЖМ күштері мен техникасы жұмылдырылып, өрт толықтай сөндірілді.