Атырауда бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиев сотқа жеткізілді

Атырауда бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиев сотқа жеткізілді
Tengrinews.kz

Атырауда бір отбасының мүшелерін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс бірнеше кезеңмен жасалған: алдымен оның жұбайының ағасы Наурыз өлтірілген, ал арада жарты жыл өткен соң әйелінің ата-анасы мен әпкесі қаза тапқан.

Атырауда төрт адамды өлтірді деген күдікпен қамауда отырған Сұлтан Сәрсемалиев сот ғимаратына жеткізілді. 2026 жылдың 18 мамырында қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталады.

Қылмыстық істі судья Зарема Хамидуллина қарайды.

Қаза тапқандардың туысы олардың соттың басталуын ұзақ күткенін айтып, істің әділ қаралатынына үміттенетінін жеткізді.