Атырау облысының Индер ауданында болған жол-көлік оқиғасы төрт адамның өмірін қиды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 29 мамыр күні таңғы сағат 06:30 шамасында аудан аумағындағы автожолдың 15-шақырымында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Sonata автокөлігі аударылып кеткен. Көлік тізгінінде 41 жастағы жүргізуші отырған.
Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.