Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жаңа әкімін тағайындады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Мамандығы – экономист. Ол ұзақ жылдар бойы мұнай-газ және энергетика салаларында еңбек етіп келеді.
Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының президенті, Энергетика вице-министрі және Энергетика министрі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ Президенттің кеңесшісі болды, «Самұрық-Қазына» қоры мен KAZENERGY қауымдастығында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2025 жылғы ақпаннан бастап KAZENERGY қауымдастығына жетекшілік етті. «Құрмет» орденімен марапатталған.