Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы ҚазТаг агенттігінің тілшісіне ҰҚК баспасөз қызметі растады.
Бұған дейін "Ақ Жайық" басылымы шенеуніктің ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.
Алдын ала мәлімет бойынша, іс материалдарында 40 миллион теңге көлеміндегі қаражат туралы айтылған. Сонымен қатар, күдіктілер қатарында "Қалалық тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету" ЖШС бас директорының орынбасары Бейбіт Мағзұмов та бар.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ресми органдар өзге мәліметтерді жариялаған жоқ.