Атырауда қоқыс полигонында өрт шықты: тұрғындар күлімсі иіске тұншығып отыр

Сағыныш Сардарова 07 сәу. 2026 13:05

Атырауда қоқыс полигонында өрт шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала тұрғындарының айтуынша, түтін мен күйік иісі барлық дерлік жерде сезіліп тұр.

Әкімдік мәліметінше, өрт туралы хабар 7 сәуірде сағат 6:30-да түскен. Оқиға орнына жедел қызметтер мен арнайы ұйымдар жіберілген.

Қазір өртті сөндіру және оны шектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өрттің нақты аумағы анықталып жатыр, тұтану себебі белгісіз. Зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.

Айта кетейік, бұл қалада қоқыс полигоны өртеніп тұрған бірінші жағдай емес. Өңір халқы бұл мәселеге бірнеше жылдан бері шағынып келеді. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove