Атырауда көпірден өзенге секірген қыз құтқарылды

Сағыныш Сардарова 27 сәу. 2026 14:12

Атырауда көпірден өзенге секірген қыз құтқарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін 112 пультіне Жайық өзеніндегі жаяу жүргіншілер көпірінен қыз суға секіргені туралы хабарлама түскен.

"Өзен жағасында орналасқан құтқару бөлімшесінен құтқарушылар заманауи Marlin құтқару қайығымен дереу оқиға орнына шықты. Шамамен 4 шақырым қашықты еңсеріп, оқиға орнына 4 минут ішінде жетті. Құтқарушылар көпірден шамамен 800 метр қашыққа ағыс алып кеткен қызды байқады", - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылардың бірі суға секіріп, оны ұстап тұрған, ал әріптестері құтқару шеңберін лақтырып, екеуін де қайыққа көтерген.

2011 жылы туған қыз жағаға жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove