Кей әлеуметтік желіде «Атырауда базарлар 5 қаңтарға дейін жұмыс істемейді» деген жалған ақпарат тарады.
Осыған қатысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау базарлары мен сауда орындары әдеттегідей қалыппен жұмыстарын жалғастыратынын айтты.
Олар дүйсенбі және жұма күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Санитария шараларының күшейтілуіне байланысты тек жексенбі күні жұмыс істемейді.