Атырауда баскетбол алаңында 13 жастағы бала көз жұмды

Самал Асқар 13 қаң. 2026 14:40

Атырауда AiRom Arena спорт кешенінің аумағында 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала жедел жәрдем жеткенге дейін көз жұмған. Спорт кешенінің медбикесі оған жүрек-өкпе реанимациясын жасағанымен, «103» бригадасы келген сәтте жасөспірімнің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Қайғылы оқиға 8 қаңтар күні баскетбол алаңындағы жаттығу кезінде болған. Басылым дерегінше, жасөспірімде жүрек жеткіліксіздігі болған, алайда ол диспансерлік есепте тұрмаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove