Атырау облысының полициясы жоғалып кеткен отбасыға қатысты жалған ақпарат таратпауға шақырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қазір бұл оқиғаға байланысты барлық нұсқа қарастырылып жатыр.
Полиция азаматтарды расталмаған мәліметтер мен қауесетті таратудан бас тартуға үндеп, жоғалған адамдардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрады.
Байланыс нөмірлері: 98-20-78, 98-20-88, +7 701 304 0012.

