Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Тінту кезінде одан тергеуге қажет материалдар алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, 2023 жылы дәл осы адамға ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы кесілген.
Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырған.
Бұл ретте террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.
17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында құрамында деструктив діни ағымды ұстанушылар бар қылмыстық топтардың іс-қимылының жолын кесу бойынша операцияны бастады.