Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры қайтыс болды

Көркем Алдабергенова 29 қыр. 2025 11:43

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов қайтыс болды. Алдын ала деректер бойынша, ол жүрек талмасынан қайтыс болған болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін таңертең, сағат 10:00 шамасында Алматыдағы Somerset қонақүйінде «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнай-химия жөніндегі директоры Мұрат Досмұратов қайтыс болды. «Ақ Жайық» мәліметінше, қонақүй әкімшілері жедел жәрдем шақырған, алайда реанимациялық шаралар нәтиже бермеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Досмұратов жүрек талмасынан қайтыс болған. Дәрігерлер клиникалық өлімді тіркеп, реанимация жасауға тырысқанымен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Мұрат Досмұратов Қазақстанның мұнай-газ саласында бірнеше маңызды қызмет атқарған. 2024 жылдың қарашасында оған қызметтік өкілеттігін тиісінше орындамады деген айып тағылған еді. Алайда 2025 жылдың тамызында сот оны кінәсіз деп таныды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар