Астанда мерекелік отшашу қауіпсіздік шараларына сай ұйымдастырылды

Dalanews 01 қаң. 2024 06:41 665

Жаңа жыл мерекесі кезінде елорда тұрғындарына ыңғайы болу үшін жаңажылдық отшашу қаланың екі жерінде ұйымдастырылды. Отшашу демеушілік қаражат есебінен барлық қауіпсіздік ережелеріне сай жүргізілуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Биыл Астанадағы отшашу Ботаникалық бақ пен «Атырау» көпіріне іргелес аумақта ұйымдастырылды.

Жаңа жылдық мерекелік отшашудан бөлек, қаладағы үш жерде эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жаңа жыл түні» атты мерекелік концерттік іс-шаралар өтті.

Концерттік бағдарламаға «Інжу»тобы, Думан Усаев, Күлайым Қайырбаева, «ДиАрт» тобы, Алмас Кішкенбаев, Ғайни Жұмашева, Айсұлу Жак, Джордан, Сәндібек Әбуов, Ерасыл Бозаев, Auka, Бейбіт Қорған, Еркеш Хасенов, Әли Оқапов, Ayree, «Килиманджаро» тобы, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, Ақтоты Болшова, Махамбетәлі Әбділда, Диана Исмаил, Маржан Арапбаева, Кенжебек Жанәбілов, Qanay сынды әншілер өнер көрсетті.

Концерттер Астана қаласы алаңы мен «Қазақ елі» монументінің аумағында және ЭКСПО алаңында түнгі сағат 2:00-ге дейін жалғасты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар