Астаналық жанкүйерлер Аkon-ға іш киім лақтырды

Dalanews 19 жел. 2023 18:40 1008

Әлеуметтік желіде кеше елордада өткен «Akon» спектаклінің жанжалды видеолары тарап, оқиға көрермендер мен желі қолданшыларының ызасын тудырды.

Әншінің концерті 18 желтоқсанда Конгресс орталығында өтті. Акон өзінің Smack That хитін орындағанда, жанкүйерлері рэперге іш киім лақтыра бастады.

«Akon концертінде күннің ыстық болғаны сонша, қыздар киімдерін шешуді ұйғарды», - делінген желіде тараған видеоның астында.

Әлеуметтік желі қолданушылары «Сұмдық, не деген ұят», «Мынау не масқара», «Қыздар, ұялмайсыңдар ма» деген сынды пікір қалдыруда.

Айтпақшы, өнерпаз өнер көрсету барысында қазақстандық жанкүйерлерінің көңілінен шығуды жөн көріп, ұлттық киіммен сахнаға шықты.

Еске сала кетейік, жақында елорда әуежайында өнерпазды концертті ұйымдастырушылар мен ұлттық киім киген қыздар күтіп алды. Олар оған гүл шоқтары мен домбыра сыйлады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар