Астанада жүргізуші көкөніс дүкеніне соғылып, жасөспірім қызды жарақаттады

Астанада жүргізуші көкөніс дүкеніне соғылып, жасөспірім қызды жарақаттады
Ашық дереккөз.

Астанада жеңіл автокөлік көкөніс дүкеніне соғылып, салдарынан 15 жастағы қыз жарақат алды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша Hyundai Accent көлігін басқарған 18 жастағы жүргізушінің жеке басы анықталған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ол Бөлекбаев көшесімен келе жатып, көлікті басқара алмай қалып, жол жиегіндегі көкөніс дүкеніне соғылған.

Оқиға кезінде сауда павильонының ішінде болған 15 жастағы қыз түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.