Астанада жеңіл көлік дүкенге кіріп кетті: 15 жастағы қыз жарақат алды

Астанада жеңіл көлік дүкенге кіріп кетті: 15 жастағы қыз жарақат алды
Фото: ЖИ

Астананың Сарайшық ауданында жеңіл автокөлік тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенге соғылып, ішке кіріп кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін шамамен сағат 18:30-да Бөлекпаев көшесінде орналасқан "Аяла Фруктс" дүкенінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Accent автокөлігін басқарған 18 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік көкөніс сататын павильонға соғылған.

Оқиға кезінде дүкен ішінде болған 15 жастағы қыз жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Аталған дерек бойынша полиция тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.