Астанада хостелдер мен жатақханалардағы өрт қауіпсіздігі тексерілді

Ақтоты Жапатова 23 шіл. 2025 11:27

Астана қаласында Нұра ауданының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жатақханалар мен хостелдерде өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын тексеру мақсатында профилактикалық рейд өткізді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

«Бұл рейдті Нұра ауданының әкімдігімен бірлесіп өткізіп жатырмыз. Ауданымыздың аумағында барлығы бес хостел бар, олардың әрқайсысына бардық. Хостел иелері мен тұрғындарына өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру жүргізілді, заңбұзушылықтарды жоюға қатысты ұсынымдар берілді, ақпараттық жадынамалар табысталды», – деді Нұра ауданы төтенше жағдайлар басқармасының инспекторы, аға лейтенант Айдос Балтабай.

ТЖД мамандары хостелдер мен жатақханалардағы өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын еске салды:

  • өрт кезінде дабыл беру жүйесі әрдайым жұмыс істеп тұруы тиіс;
  • эвакуациялық шығу жолдарын бөгемеу қажет;
  • өрт сөндіру құралдарының жеткілікті мөлшері болуы тиіс;
  • адамдарды жертөле бөлігінде тұрғызуға болмайды;
  • бөлмелер мен қабаттарда шылым шегуге тыйым салынады;
  • электр құралдарын пайдаланғанда қауіпсіздік шараларын сақтау қажет;
  • тез тұтанғыш және жарылыс қаупі бар материалдарды пайдалануға және оларды бөлмелер мен ортақ пайдалану орындарында сақтауға болмайды;
  • персонал мен тұрғындар өрт кезіндегі әрекет ету ережелеріне үйретілуі керек, ал тұрғындар эвакуация жоспары бойынша ақпараттандырылуы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар