"Астанада судья ішімдік ішіп ұсталған": полиция не дейді?

Сағыныш Сардарова 03 қар. 2025 09:02

"Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйінде көлік басқарған" деген ақпарат әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тарап, қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полиция департаментінің хабарлауынша, қалада жүргізілген рейд барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы көлікті тоқтатқан. Сараптама нәтижесі жүргізуші мас күйде болғанын көрсеткен. Көлік коммуналдық тұраққа қойылып, тексеріс басталған.

Десе де полиция ұсталған адамның есімін нақты атамаған.

Ал Астана қалалық сотының баспасөз қызметі өкілі бұл іс бойынша материалдар сотқа түспегенін мәлімдеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар