Астанада шетелдік жасөспірімдердің қатысуымен болған тағы бір оқиға жұрттың ашуын тудырды

Астанада шетелдік жасөспірімдердің қатысуымен болған тағы бір оқиға жұрттың ашуын тудырды
Фото: Криминальный Казахстан

Астанада шетелдік жасөспірімдердің қатысуымен болған тағы бір оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қала тұрғынының айтуынша, ол құрбысымен бірге “Luna” кофеханасының жазғы алаңында отырған кезде, бір топ жасөспірім олардың маңынан шықпай қойған. Алғашында олар ақша мен тамақ сұраған. Қыздар бас тартқаннан кейін де жасөспірімдер жақын маңда жүруін жалғастырған.

Кейін тапсырыс берілген кофе әкелінген сәтте, жасөспірімдердің бірі күтпеген жерден жүгіріп келіп, қыздың қолындағы сусынды жұлып алған.

Оқиға куәгерінің сөзінше, мұндай әрекет оны қатты таңғалдырған.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда да осыған ұқсас жағдай тіркелген болатын. Ол жерде бір топ жасөспірім көшедегі адамдарға тиісіп, тас лақтырып, олардың заттарын тартып алған.

Кейін полиция оларды ұстады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жасөспірімдердің барлығы Тәжікстан азаматтары болған. Сот шешімімен олар Қазақстан аумағынан шығарылып, елге қайта кіруіне тыйым салынды