Астанада заңсыз ет сату жолы әшкереленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Астана полициясы "Әлем" базарында сапасы белгісіз ет өнімдерін өткізу арнасын тоқтатты. Уәкілетті органдардың рұқсатынсыз ветеринариялық ілеспе құжаттарды рәсімдеумен айналысқан 41 жастағы ер адамның заңсыз әрекеті анықталды.
"Ер адам сыйақы үшін ет өнімдеріне мөр басып, сатушыларға қажет рұқсат құжаттарынсыз өнімді сатуға мүмкіндік берген. Оның қолданған мөрі тәркіленді. Жалған құжаттарды, мөрлер мен штамптарды қолдан жасағаны және таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция.
Полиция ет өнімдерін сатып алу кезінде ветеринариялық құжаттарды мұқият тексерудің аса маңызды екенін еске салды.
