Ағымдағы жылдың 21 қазанында Астана қаласындағы №44 мектепте еліміздің тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі- Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне арналған тағылымды іс- шара өтті деп хабарлайды Dalanews.kz.
Аталған шараны «Сарайшық» ауданының Ардагерлер кеңесі ұйымдастырып отыр. Іс- шара Астана қаласының «Сарайшық» ауданы әкімдігінің аппараты мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен өтті.
Жаскеқалиұлы Томпиев «Сарайшық аудандық Ардагерлер кеңесі» төрағасының орынбасары өз сезімдерімен де бөлісіп өтті:
«Бүгін өте қуанышты күн. Біз халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың Берлиндегі рейхстаққа туын тіккеніне 80 жыл толып отыр. Арнайы біз бүгін салтанатты жиын өткіздік. Құрметті караул болды. Ардагерлер, басқа да қонақтар Рақымжан Қошқарбаевтың мемориалды тақтасына гүл шоқтарын қойды . Мәжіліс залында салтанатты жиын өтеді. Концерттік бағдарлама болады. Жиыннан кейін Рақымжан Қошқарбаевқа арнайы ас береміз, яғни келген қонақтарға, ардагерлерге»,- деп өз ойымен бөлісіп өтті.
Іс- шараның басты мақсаты- тарихты ұмытпау, ерлікті дәріптеу
Тарихты тек оқулықтан емес, осындай тағылымды кездесулер арқылы санамызға сіңіру- бүгінгі буын үшін аса маңызды. Шараның басты мақсаты- жас ұрпаққа Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігін үлгі етіп көрсету, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту.
Іс- шара аясында:
Мемлекеттік органдар өкілдері, ардагерлер, қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп, батырдың өмірі мен ерлігі жайлы тағылымды ойларымен бөлісіп өтті;
Мектеп алаңында орналасқан Рақымжан Қошқарбаевтың мемориалдық тақтасына гүл шоқтары қойылып, үнсіздік минуты жарияланды;
Оқушылар мен қонақтарға арналған концерттік бағдарлама, патриоттық әндер, сахналық қойылымдар ұсынылды.
Рақымжан Қошқарбаевтың есімі- ұрпақ санасында мәңгілік сақталатын рух символы. Оның Рейхстагқа тіккен туы- бүгінде азат Қазақстанның жарқын болашағына жол ашқан Жеңіс туы.