Астанада Парламент ғимаратынан "Мәжіліс" атауы алып тасталды. Жақын уақытта "Сенат" атауы да алынады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл өзгеріс 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енуіне байланысты жүзеге асырылып жатыр.
Жаңа Конституцияға сәйкес Парламенттің өкілеттігі тоқтап, Мәжіліс пен Сенат депутаттарының мандаты аяқталды.
Бүгін Мемлекет басшысы 2026 жылғы 23 тамызға Құрылтай депутаттарының сайлауын тағайындады. Жарлыққа сәйкес Орталық сайлау комиссиясына сайлауды ұйымдастыру тапсырылды. Сондай-ақ, Үкімет пен өңір әкімдіктері сайлауды өткізуге қажет ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық шараларды қамтамасыз етуге тиіс.
Жаңа Конституция 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданып, 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енді. Осы күннен бастап қос палаталы Парламент өз жұмысын тоқтатты.