LRT бірнеше мамандық бойынша бос жұмыс орындарын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мәліметке сүйенсек, қазір ауысым басшысы, станция кезекшісі, диспетчер, техник, электромонтер, жол жөндеу шебері, слесарь және қойма меңгерушісі секілді мамандар қажет.
Болашақ қызметкерлер алдымен оқиды, оқу бағдарламасы 4–6 айға созылып, Қазақстан мен Қытайда ұйымдастырылады. Курсты сәтті аяқтағандарға халықаралық үлгідегі сертификат беріледі және LRT құрылымында тұрақты жұмыс орны ұсынылады.
Үміткерлерден тиісті техникалық білім мен кемінде екі жылдық жұмыс тәжірибесі талап етіледі.
