Астанада мұнаралы кран құлап, салдарынан бір адам қаза тапты, тағы екі адам жарақат алды. Оқиға бүгін Қорғалжын тасжолы маңындағы №100 мектепке жақын жерде салынып жатқан ғимарат аумағында болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жарақат алған екі адам Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген.
Олардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Екінші адам стационарда медициналық көмек алып жатыр.
Ал бір адам оқиға орнында көз жұмды. Оның сүйегі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.