Астанада көпқабатты үйдің терезінен бала құлап қаза тапты

Астанада көпқабатты үйдің терезінен бала құлап қаза тапты
Фото: Криминальный Казахстан, видеодан скрин

Астанада көпқабатты тұрғын үй кешенінде бала терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға орнына жедел түрде жедел жәрдем бригадасы жеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер оның алған жарақаттарынан көз жұмғанын растады.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.