Астанада кәсіпкерлерден ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Қаракөз Амантай 01 сәу. 2026 11:23

Астанада кәсіпкерлерден ақша бопсалаған 33 жастағы күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті алдын ала ойластырылған тәсілмен әрекет еткен. Ол жалған сенімхаттар дайындап, өзін Қазақстандағы белгілі брендтердің ресми өкілі ретінде таныстырған. Осылайша кәсіпкерлермен байланысқа шығып, тауар сату барысында "заңбұзушылықтар анықталғанын" алға тартқан.

Одан кейін, құқық қорғау органдарының дерегінше, мәселені "реттеп беруді" ұсынып, ықтимал жауапкершіліктен құтқаруға уәде етіп, ақша талап еткен. Аталған істердің бірінде келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеден асқан.

Полиция қызметкерлері осындай сипаттағы төрт алаяқтық дерегін тіркеген. Күдіктінің жеке басы жедел-іздестіру шаралары барысында анықталып, тұрғылықты мекенжайында ұсталған. Қазір ол полиция бөліміне жеткізіліп, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove