Елордада сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz
Бұған дейін өтінімдерге сәйкес мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер жылумен қамтамасыз етілген еді. Енді қаладағы барлық нысандарды жылу жүйесіне кезең-кезеңімен қосу жоспарланып отыр.
Қала әкімдігі алдағы күндері тұрғын үйлерге жылу толық беріледі деп мәлімдеді.