Астанада Алаш тасжолының 69 көшесінен 191 көшесіне дейінгі аралығына жол жабынының жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Осыған байланысты, 13-15 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.