Астанада 82 жастағы зейнеткер 7 жасар шөбересін зорлаған

Сағыныш Сардарова 15 қаң. 2026 09:53

Астанада 82 жастағы зейнеткер 7 жасар шөбересін зорлаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол 20 жылға сотталды. Бұл туралы НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook парақшасында мәлімдеді. Мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға баланың туған күнін атап өту кезінде, туыстар түгел жиналған үйде болған. 

Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы куәгерлердің айғақтары мен сот-медициналық сараптама қорытындыларымен толық дәлелденген. Сот айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Дина Таңсәрінің айтуынша, баланың анасы қорға 2025 жылы сәуірде, қызын сараптамаға апарған сәтте хабарласқан.

Сонымен қатар, отбасы ішінде айыпталушының жасы үлкен екенін алға тартып, істі сотқа жеткізбеуді ұсынғандар болғаны да айтылды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove