Халықаралық әйелдер күніне орай елордада 36 мыңға жуық көпбалалы отбасы, көпбалалы ана, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған ана біржолғы әлеуметтік төлем алады,- деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қаз8андағы № 84/10-VIII қаулысымен бекітілген елорда бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлемелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға – 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілетін болады.
Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде жүзеге асырылады.