14 шілдеде Астанада соңғы 34 жылдағы ең жоғары ауа температурасы тіркелді, деп хабарлайды dalanews.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, елордада ауа температурасы +38,6 градусқа дейін көтеріліп, осы күнге қатысты бұрынғы рекордтан 3,3 градусқа асып түсті.
Бұған дейін 14 шілдедегі ең жоғары температура +35,3 градус болып, 1992 жылы тіркелген еді. Осылайша 34 жыл бұрынғы рекорд жаңарды.
Синоптиктердің айтуынша, аптап ыстық алдағы күндері де Қазақстанның бірқатар өңірінде сақталады. Әсіресе елдің оңтүстігінде ауа температурасы +41…+46 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Айта кетейік, биыл Астанада ауа райына қатысты тағы бір тарихи көрсеткіш тіркелген болатын. 23 маусымда елордада соңғы 85 жылдағы осы күнге тән ең жоғары температура жаңарған еді.