Елордада тәртіп сақшылары 23 жастағы тұрғынды үйінде мефедрон сақтаған сәтінде қолға түсірді. Арнайы операция есірткі қылмыстарына қарсы күреске бағытталған 30 күндік кешенді іс-шара аясында, прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Күдікті кіреберіс аумағында жасырын "қоймаға" есірткі қалдыруға дайындалып жатқан жерінен ұсталды. Жеке тінту барысында одан ерекше иісі бар, мефедронға жатқызылатын 40 түйіншек табылды.
Ал пәтерін тексеру кезінде полицейлер тағы жарты келі мефедрон, сондай-ақ шкафтан есірткіні бөліп-орауға арналған электронды таразы мен басқа да құралдарды анықтады. Тергеу мәліметінше, бойжеткен есірткіні қабылдап, сақтап, кейін интернет арқылы таратушыларға жеткізіп отырған.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полиция өкілдері есірткі сақтау, тарату және делдалдық жасау ауыр қылмыс саналып, заң бойынша қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Айлық шеңберінде «Астана – есірткісіз қала» ұранымен рейдтер, тексерулер және профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр.