Астанада құтқарушылар қыздың саусағын балмұздақ жасайтын аппараттан босатты, деп хабарлайды dalanews.kz.
112 пультіне Нұра ауданы Төле би даңғылы бойында қыздың саусағы балмұздақ жасайтын аппаратқа қысылып қалғаны туралы хабарлама түскен.
"ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жетіп, электр құралдарының көмегімен аппараттың құрылымын кесіп, қыздың саусағын босатты", - деп жазылған хабарламада.
Оған медициналық көмек қажет болмаған. Қыз зардап шеккен жоқ.