Жобаның ашылуына Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек, қоғам қайраткерлері, жастар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Жобаға кез келген адам тегін қатыса алады. «JOLTAP» аясында тұрғындар қаланың бос жұмыс орындары бар «JUMYS TAP» Telegram-боттпрвн пайдаланып, сала көшбасшыларының талаптары мен стандарттарын, цифрлық дағдылар (фрилансқа арналған мамандықтар) мен шағын бизнесті ашуға арналған шағын несиелеу бағдарламалары жөнінде қысқа мерзімді оқудан өте алады.
«JOLTAP» жобасы Мемлекет басшысының өнімді жұмыс орындарын құруға баса назар аударып, белсенді әлеуметтік саясаттың қажеттілігі туралы тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асуда. Айта кету керек, жоба құралдары тұтастай алғанда қазіргі әлеуметтік реформаларға тиімді қосымша болып саналады.
«JOLTAP» жобасы аясында елордада барлығы 10 модульдік пункт жұмыс істейтін болады. Алғашқы бес модульдік пункт мына мекенжайларда жұмысын бастады:
Республика даңғылы, 34 «Жастар» сарайы; «Ailand» СОО, Қорғалжын тас жолы, 2; «Встреча» СҮ Абылай хан даңғылы, 31; «Азия Парк» СОО Қабанбай батыр даңғылы, 21; «Тұлпар» СО Ш. Уәлиханов көшесі, 24. Модульдік пунктер күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Бастама елорда әкімдігі мен бірқатар мүдделі мемлекеттік органдардың қолдауымен іске асырылуда. Жобаның бірлескен операторы – «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қоры. Барлық модульдік пункттерді «Халық» қоры ұсынады.
Жобаға қоғамдық тамақтану, сауда, құрылыс, көлік және қызмет көрсету салаларындағы ірі бизнес өкілдері мен сала көшбасшылары жұмылдырылған. Олардың ішінде BI Group, Magnum, Marwin, Shaurma Food сында елге танымал компаниялар бар.