Астана төрінде оңтүстікқазақстандық суретшілердің көрмесі өтті

Dalanews 31 там. 2017 16:56 1520

Астана қаласындағы «Has Sanat» өнер галереясында Оңтүстік Қазақстан облысы суретшілері өз туындыларын Елордамыздың қонақтары мен өнер сүйер қауым назарына ұсынды.

«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі,  Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы күндерінде өздерінің қайталанбас қолтаңбаларын қалдырған 20 суретшінің таңдаулы 45  жұмысы көрермен көзайымына айналды.

Мұнда халық назарына ілініп, келушілердің қызығушылығын тудырған екі суретшінің туындысына тоқтала кетсек. Оның бірі халық суретшісі Гулфайрус Ысмайылованың «Накипованың портреті» болса, екіншісі Сабыр Мәмбеевтің «Ыстық көл» туындысы.

Сондай-ақ, көрмеде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тоқболат Тоғысбаевтың «Ұйқыдағы бала», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оспанов Айнабектің «Бақытты күн», Қазығұлов Алпысбайдың «Жолда», Маханбетов Сейсенханның «Түлкібас таулары», Қыстаубаев Керімбайдың «Тау самалы»,  ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Шоранов Өсербайдың «Хана кене» суреттері көрменің құнды жәдігерлері болып табылады.

Оңтүстік өңірі суретшілерінің шығармашылық жұмыстарын, шеберлік өнерін, өлкеміздің салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада Оңтүстіктің өзіндік табиғи географиялық ерекшеліктері мен көз тартарлық орындары және терең тарихтан сыр шертетін киелі жерлерін бейнелейтін халықаралық деңгейдегі өнер шығармалары  қалың жұртшылық назарына   ұсынылды.



 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар