Freedom Inside '26

«Астана» мен «Селтик» алғашқы ойында тең тарқасты

«Астана» мен «Селтик» алғашқы ойында тең тарқасты
Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу туры аясында «Астана Арена» стадионында «Астана» мен «Селтик» арасында өткен алғашқы матч 1:1 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Бірінші таймда «Астана» қорғаушысы Юрий Логвиненко 20-минутта командаласы Патрик Твумаси бұрыштан көтеріп берген допты голға айналдырып, жанкүйерлерін бір қуантып еді. Алайда, елордалықтар 1 доп айырмашылығын екінші таймда ұстап тұра алмады. Қарсыластардың 9 нөмірлі ойыншысы Гриффитс астаналықтардың айып алаңында еркін көсіліп, есепті теңестіріп кетті.

Естеріңізге саламыз, командалар арасындағы қарымта кездесу 3 тамыз күні Шотландияның Глазго қаласында өтеді.