Астана мен Алматыда сайлау күні жолда жүру тегін болады

Астана мен Алматыда сайлау күні жолда жүру тегін болады
Almaty.tv

Алматыда 23 тамызда, Құрылтай сайлауы күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері 23 тамызда, Құрылтай сайлауы өтетін күні, қаланың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болатынын мәлімдеді.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, сайлау күні қала тұрғындары мен қонақтарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында тегін жол жүру мүмкіндігі енгізіледі.

Күні бойы қоғамдық көліктің барлық бағытында - автобустарда, троллейбустарда және метрода жол жүру тегін болады.

Бұл күні Астанада да LRT және автобуспен жүру бір күнге тегін болады.